Главная страница
qrcode

Курстык жумыс Адам жеке тулга даралык. Жоспар і кіріспе іі негізгі б лім жеке т Л аны даралы ерекшеліктері жеке адамны дамуыны ба ыт-ба дары


Скачать 191,5 Kb.
НазваниеЖоспар і кіріспе іі негізгі б лім жеке т Л аны даралы ерекшеліктері жеке адамны дамуыны ба ыт-ба дары
Дата02.10.2019
Размер191,5 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаКурстык жумыс Адам жеке тулга даралык.doc
ТипДокументы
#245560
страница1 из 3
Каталог

С этим файлом связано 846 файл(ов). Среди них: ЛЕКЦИЯ 2. ЭВОЛЮЦИЯ ПОЛИТИЧЕСКОЙ И СОЦИАЛЬНОЙ СИСТЕМЫ В НАЧАЛЕ ХI, контрольная.docx, перспект.план. на реб.docx, АДСОРБЦИЯ.docx, Игнатьева Н.Л. Молочная.doc, razvivaysyamalyish-prilojeniekartinki.pdf, пер план фин гр.docx, Анализ урока Сравнение дробей.docx, Конспект занятия объемная аппликация фрукты лета.docx, ЛАБИНФ1(9408).docx и ещё 836 файл(а).
Показать все связанные файлы
  1   2   3

ЖОСПАР

І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАРАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1. Жеке адамның дамуының бағыт-бағдары

1.2. Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдық мәні

1.3. Адамның кажеттілігі мен мұқтаждылығы және іс-әрекет түрлері

2. ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒА
2.1. Тәрбие - жеке тұлғанын қалыптасуынын шешуші факторы ретінде
2.2. Жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамытудың маңызы

3.1.Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту міндеттері

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Әлеуметтік қатынастар субьекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - жеке адам болып сипатталады.

"Жеке адам" түсінігі мен қатар біздің қолданымымызды "адам", "дара адам" терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшелітерімен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінен ең жалпылаған, көп қасиеттердің бірігуін - "адам" түсінігі камтиды. Адам өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының әр табиғатпен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат болмысы ретінде - дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді.

Дара адам - "homo sapiehs" тектілердің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі нақты адам.

Даралық - накты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктерімен қасиеттері.

"Жеке адам" түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні онын қоғамен байланысында қалыптасады да көрініс береді.

Әрқандай қоғаммен орай адамның қасиет сапа өлшемдері әрқилы келеді. Қоғам социологиясы нақты коғамның психологиялық типін анықтап отырады.

Жеке адам көп сатылы құрлымға ие. Осыдан жеке адам психологиялық ең жоғарғы да жетекші деңгейі қажеттік - себеп аймағы - жеке адамның бағыт - бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық және еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, жеке адам үшін мәнді құбылыс тек оның ұсынған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал бұл өз кезегінде адамның іс - әрекеттік икемділігіне, оның қабілеті, білімі және ептілігіне, көңіл - күй, еріктік жэне ақыл - ой сапаларымен байланысып жатады.

Адам өмірге дайын қабілет, мінез және кызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. Адам тәнінің негізі, яғни генотипті онын анатомиялық -физиологиялық ерекшеліктерін, құрылым иесі адам өткен әлеуметтердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірбиесін игерумен ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі.

Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, кажеттіліктерін арттырып барумен байланысты. Осы даму деңгейі накты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұрғаның тіршілік күйбегінен аспайды. Ал даму деңгейі өзінің тәрбиелігімен, қоғамдық мәнді құндылықтармен ерекшеленеді.

1.1Жеке тұлғаның даралық ерекшеліктері

Әрбір адам өзінің қоғамдағы өмірлік әдептерін реттеумен күнделікті тіршілік проблемаларын шешіп береді. Бірдей қиыншылық, кедергілердің шешімін әр адам өз әдіс, тәсілдерімен табуы мүмкін. Осыдан жеке адамды танып, білу үшін сол адамның алдында туған өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұсынған принциптерін жете білу қажет.

Қоғам қатынастарға араласып жэне оларды басшылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Әрқандай дара тұлға өз дербестігі мен ерекшелігіне ие.

Жеке адамның дербестігі оның ең жоғары психикалық сапасы - рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз адам мәнінің ең биік көрінісі, оның жалпы азаматтық инабат парызды түсіне білуі, болмыстығы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі - бұл жоғарғы дәрежелердегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман ниеттермен мезеттік шен - шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік - өсектен өзін аулак үстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды өз бойына дамытуы өз бойына дамытуы көріне коғамдык салтқа тәуелді. Қоғамның даму дәрежесі неғұрлым темен болса. ел ішінде оаршыны бірдей тенестіру принципі өріс алады да, ондай коғам мүшелерінің көбі құлдық бағыну күйінен арыла алмайды. Дербестігінен айтылып өз бетінше ой жүгіртпеген адам өзінің тұлғалық дамыту ниетінен ажыратып калады.

Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі элеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді. Шығамаршыл тұлға тікелей қоршаған әлеумет шеңберінде қалып қоймай, өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзі жасаған қауымының, тіпті бүкіл қағамның болашақ өркениеті көрініп, ол өз дәуірінің сапалық деңгейінен көш ілгері жүреді. Жеке адамның өз дербестігіне ие болуы оның тұйық әлеуметтік топқа бағынышты еместігін көрсетумен бірге сол адамның жоғарғы деңгейіндегі дәлелі.

Жеке адамның дамуы, яғни оның элеумкттік ұнамды қасиеттерінің калаптасуы белгілі қоғамдық қолдау мен элеуметтік кажетсінуді керек етеді.

Дара адамның жеке адам сатысына көтерілуі үшін маңызды факторлар; идентифиация, яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіру, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару пройесі: персонализация - дара адамның өз басының басқа адамдар өмірінде кадірі барын түсіне білуі, сонымен бірге нақты элеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алуы.

Басқа әлеуметтік мүшелерімен жеке адам өз "Мен" негізінде қатынас түзеді. Ғылымда "жеке адам рефлексия" деп атаған бұл "Мен" ұғымы өз ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын, өз мүмкіндіктерін жэне өз қадірін сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген бағынысының астам не боуынан сол адамның ішкі- жан арпалыстары келіп шығады.

Адамның өмірі нақты тарихи - әлеуметтік аймақта жүріп жатады. Дүниелік жағдаяттар өндіру ерекшелігі, тұтыну аймағы элеуметтік қатынастар адамның түрмыс салтын анықтап оның тұрақты қылық әрекеттерін белгілейді.

Әрқандай жеке адамның өмірлік салтын, жеке құндылық бағыттарына орай тіршілік жағдайларрын өзгертудің қайта құрудың жалпылаған тұрақты тәсілдер жүйесін түзіп барады. Осындай адамның тұрмыс тіршілік салты оның жалпы өмір сүру, қоғамдағы өз орның елудің бағдарына айналады. Әлеуметтік құңды салт-бағыттан адамның жоғарғы инабатты жасампаздық өмірі, рухани - этикалық, рухани -эстетикалық дүние танымы туындайды. Адам өмірі, осыдан бір мезеттік ықпалдар билегінде қалып қоймай, ішкі заңдылықты ниет - себептер жүйесін арқау етеді, өзінің әлеуметтік мәнді, мағыналы мұраттарын байланыстыра, саналы бағытта жасау мүмкіндігін алады.

Тұрмыс - салт бағыты тұрақтанбаған адам күнделікті күйбегінен аса алмайды, осыған мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алмай, өміршеңдігі кемиді, рухани – адамгершілік талаптары тарылады.

Жеке адамдағы барша өмірлік күйзеліс - ауытқулар оның өзіндік "Менің" танымаудан, обьективті мәнді жеке басының құңды тараптарын сезіне алмаудан келіп шығады. Жеке адам болмысының ең айқын көрсеткіші оның өз психикалық жағдайларын басқара алу және әрекет қылықтарын қоғам қалыптастырған өлшемдерге икемдестіре білу дәрежесі.

Жеке адам тұрақты қасиеттер жиынтығы мен дараланады, тұлғаның барша ерекшеліктері оның тума, нәсілдік және әлеуметтік – мәдени сапалардың бірлігінен қалыптасады.

Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, онын қасиеттері мен "сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ме болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы – оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер. Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дерестік пен өз мінез-құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды.


Микро-орта бұл – баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол – адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта, табиғат жағдайлары әсер етеді.

Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасындағы тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет, ал шығын педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.









"Жеке тұлға" деген ұғымда адамның қоғамдық мәні ашылады. К. Маркстің айтуынша, адамның мәні жеке индивидке тән абстрактілік емес, өз болмысында ол барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы. Сондықтан ортаның жеке тұлғаның дамуына әсері туралы сөз болғанда, ең алдымен, кең мағынада қолданылған әлеуметтік орта деп түсіну керек, өйткені адамның жеке тұлғалық қасиеттері әртүрі орталық қатынастар әсерінен, яғн, адамдармен және түрлі қоғамдық институттармен өзара-қатынасы арқасында қалыптасады.


Тәрбие – бұл тұлғаның алыптасуына мақсатты бағытталған процесс, сонымен қатар тәрбие туа біткен нышандарды түзетеді және микро-ортаны өзгертеді. Барлық балалар тәрбиелік – білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалқ процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты іс-әрекетін нәтижлі ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады.


Осылайша жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемісті болуының шарты тарихи анықталған және әрдайым өзгеріп отыратын үш фактор: тума қасиеттері, орта және тәрбие болып табылады.

Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешуші мән бере отырып, өзара күрделі байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара қатынасының мәнін дұрыс түсіне білу керек.


Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен туады. Адамның белсенділігінің жануарлардан айырмашылығы оның қажеттіліктері сәби жасынан бастап-ақ қоғамдық қажеттіліктермен реттелінеді. Адамның белсенділігі оның себеп-салдарымен, мақсат пен міндеттерін дұрыс қоя білумен, оларды орындау құралдарын дұрыс таңдай алумен байланысты.

Табиғи әсерлер – бйімділік пен әуестік, сонымен қатар, адамның сезіидері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің ықпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттіліктері – барлығы ішкі факторларға жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара байланысының нәтижесі болып табылады.
Жеке тұлғаның өзіндік дамуына қоршаған орта мен тәрбие секілді сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер еткенде ғана және оның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігін ынталандырылған жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыра алады.

Қарым-қатынас -
Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсенділігің өрісі кеңейіп, тереңдей түседі.



Сондықтан жеке тұлғаның белсенділігін жан-жақты қалыптастыра отырып, тәрбиеші сол баланы өзіне одақтас етіп алады. Оқушының қажеттіліктерінің негізделген тәрбие мен өзіндік тәрбие процестері – ең жағымсыз деген сыртқы жағдайларды жеңе алатын күш.

Жеке тұлғаның дамуы үшін баланың қарқынды іс-әрекеті қажет. Алайда кез-келген іс-әрекет баланың қабілетін, дарынын, мінез-құлқын белгілерін, блік пен дағдыларын жамыта алмайды. Мысалы, мыңдаған балалар күні бойы музыкалық гаммаларды ойнайды, бірақ музыкант бола алмайды. Баланың қабілетін оята алмайтын репетиторлық жұмыстар қаншама.
  1   2   3

перейти в каталог файлов


связь с админом